Елімізде цифрлық теңге жобасы аясында алғашқы жол қолданысқа берілді

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысында цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық бағдарлама аясында алғашқы жол жобасы сәтті аяқталды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жоба жұмыстары «РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай» автожолының 383-390 шақырым аралығындағы 7 шақырымдық учаскеде жүргізілді. Аталған автожол I техникалық санатқа жатады. Бұл учаскеде соңғы жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген болатын.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Орташа жөндеу аясында келесі жұмыстар атқарылды:

- 128 800 м2 ауданда ескі жабын жонылды;

- 128 800 м2 ауданда жаңа үстіңгі қабат төселді; - 35 000 м2 ауданда жол жиегі нығайтылды;

- 14 шақырымда жол таңбалары салынды.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Техникалық сипаттамаға сәйкес барлық орындалған жұмыс көлемі «eQurylys» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, жобаның жүзеге асырылу барысына толық ашықтық пен цифрлық бақылау қамтамасыз етілді.

Жоба аясында барлық жұмыс сәтті аяқталып, жол пайдалануға берілді. Оның жүзеге асырылуы жол инфрақұрылымының нормативтік жағдайын сақтауға, сондай-ақ жол пайдаланушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Айта кетейік, бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1500-ге жуық жол бойы қызметтерінің нысандары жұмыс істейді. Олардың ішінде шағын дәмханалардан бастап ірі көпфункционалды кешендерге дейін бар.