«2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулыға сәйкес, елімізде тұмауға қарсы вакцина егу биылғы 15 қыркүйектен басталады. Вакцинациялау үшін «ГРИППОЛ » екпесі қолданылады, өндіруші - Ресей Федерациясы», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
«СҚ-Фармация» ЖШС мәліметіне қарағанда, 2024 жылға 2 025 752 тұмауға қарсы вакцинаның көлемі сатып алынды, сондай-ақ 182 000 доза көлемінде қосымша тапсырыс берілді.
Айта кетейік, күз – иммунитеттің әлсіреп, жұқпалы инфекциялардың өршитін мезгілі. Сондықтан, дәрігерлер бұл маусымда ағзаға ерекше күтім қажет екенін үнемі айтып жүреді.