Вице-министр волонтерлік қозғалыс елдегі қоғамдық бастамалардың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Қазір еріктілер экологиялық және әлеуметтік жобаларға атсалысып жүр.
— Бүгінде елімізде жүздеген жастар ұйымы жұмыс істейді, волонтерлер саны 300 мыңнан асады. Жастар, әсіресе «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді атсалысып жатыр. Мұнда отансүйгіштік жай сөзбен емес, өз ауласына, көшесіне, қаласы мен еліне деген жауапкершіліктен көрінеді, — деді спикер.
Оның, жастар арасында «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға басымдық берілген.
— «Таза Қазақстан» аясында 1 миллионға жуық адамның қатысуымен 7 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Ал жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған 8,4 мың іс-шараға 1 миллионнан астам адам қатысты, — Евгений Кочетов.
Сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу аясында 166 мыңнан астам жастың қатысуымен 3,5 мың іс-шара ұйымдастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада волонтерлік қозғалысты қолдауға бағытталған бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылатыны жөнінде хабарланды. Соның аясында елордада алғаш рет Волонтерлер саябағын ашу жоспарланып отыр.