Елімізде жол бойындағы әжетханаларды тексеру жұмыстары аяқталды
03:30, 13 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Бас көлік прокуратурасының талабына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретхананы тексеру жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «КАЗжСервис» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақылы жолдың дәретханасын тазалаушылар қанша айлық алып жүргені туралы жазған едік.