Елімізде жұмыспен қамту шараларына тартылған АӘК алушылар саны 5 жылда 2 еседен астам азайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2021-2025 жылдар аралығында екі еседен астам азайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Фото: Kazinform

Министрлік деректеріне сәйкес, 2021 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 27,5 мың адам тартылған. 2022 жылы олардың саны 31,7 мың адамға жеткен.

— 2023 жылы бұл көрсеткіш 27,2 мың адамды құраса, 2024 жылы 17,6 мың адамға дейін төмендеді. Ал 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына 12,6 мың адам қатысты, — делінген жауапта.

Ведомствоның мәліметінше, бұл бағытта еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушыларды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау шаралары жүзеге асырылған.

Аталған шаралар әлеуметтік көмек алатын отбасылардың табысын арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, Ал 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 41 252 отбасындағы 222 312 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.