ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыспен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске «Транстелеком» АҚ компаниясы, сондай-ақ мобильді байланыс операторлары қатысты.
Кездесу барысында жобаның іске асырылуының ағымдағы мәртебесі, сондай-ақ инвестор мен байланыс операторлары арасында телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Автомобиль жолдарын мобильді байланыспен орнықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіруге және құрылатын инфрақұрылымды тиімді пайдалануға бөлек назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың және «Транстелеком» АҚ мен ұялы байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылдың одан арғы қадамдары айқындалды.
Айта кетейік, жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді. Іске асыру кезең-кезеңімен қарастырылған: республикалық жолдарды қамтуды 2026 жылдың соңына дейін, облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қаржыландыру бюджет қаражатын тартпай, инвестор «Транстелеком» АҚ есебінен жүзеге асырылады.
Бұған дейін Алатау мен Қонаевта ұялы байланыссыз қалған аумақтар анықталғанын жазғанбыз.