«Шақпақ баба асуы арқылы өтетін еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің құрылысын аяқтау көзделген. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы — 1316 метр», — деді Марат Қарабаев.
Осылайша қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің тіректерін салу жұмысы 81 пайызға орындалды.
Атап айтқанда, 21 тіректің 17-сі салынып, қалған төрт тірек бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды.
Бұл — аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ.
Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталған.