«Қазір сауда базарлары әлі де маңызды. Алайда кейбірі қала құрылысы, өрт және санитарлық стандарттарға сәйкес келмейді. Сондықтан бизнеспен бірге базарларды жаңартуды қажет ететін объектілер анықталды. 460 универсалды базардың 195-ін заман талабына сай өзгерту қажет болған, олардың 121-і жаңартылды. Қалған 74-і бойынша әкімдіктермен және базарлардың меншік иелерімен бірлесіп 2025 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Өздеріңізге мәлім, жаңартуды аяқтаудың әртүрлі мерзімі белгіленді, яғни облыстар үшін – 2025 жыл, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін (Алматы және Шымкент.) – 2023 жыл», - деді А. Шаққалиев.
Сонымен қатар ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылатынын айтты. Жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта атқарылып жатыр. Жалпы, бұл жұмыс, Президенттің инфляция деңгейін 2 есе төмендету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.
«Өңірлік комиссиялардың жұмысы бақылау-фискалдық органдарын қосу жолымен күшейтілді. Биыл 1,7 мыңнан астам отырыс өткізілді, мыңнан астам тиімсіз делдал анықталды, мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды (2023 ж. – 1 059 әкімшілік іс, 2022 ж. – 310 әкімшілік іс). Электрондық шот-фактураларды пайдалана отырып, 3,5 мыңға жуық баға белгілеу тізбегіне талдау жасалды», - деді министр.