Еліміздегі білім мекемелері биылғы бірінші тоқсанда 8,2 млрд теңгеге онлайн қызмет көрсеткен

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша көрсеткен қызметтерінің көлемі 1 606 626,7 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы.

Фото: pexels

Оның ішінде 82,2% бюджет қаражаты есебінен, 16,1% халық қаражаты есебінен және 1,7% кәсіпорындар қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Қызметтердің ең үлкен көлемі келесі салаларға тиесілі:

• негізгі және жалпы орта білім беру - 899 558,6 млн теңге (жалпы көлемнің 56,0%);
• мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - 244 317,5 млн теңге (15,2%);
• жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру - 178 714,7 млн теңге (11,1%).

Қызметтердің ең төмен көлемі мына бағыттарда көрсетілді:

• білім беру саласындағы қосалқы қызметтер - 17 848,6 млн теңге;
• көлік құралдары жүргізушілерін даярлау ұйымдары - 1 245,4 млн теңге;
• орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары - 67,7 млн теңге.

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтердің 74,6% мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдарға, 24,7% жекеменшік ұйымдарға және 0,8% шетелдік ұйымдарға тиесілі.

Кәсіпорындардың мөлшері бойынша көрсетілген қызмет көлемі:
• шағын кәсіпорындар - 769 052,5 млн теңге (47,9%);
• орта кәсіпорындар - 595 313,9 млн теңге (37,1%);
• ірі кәсіпорындар - 242 260,2 млн теңге (15,1%).

Білім беру ұйымдарының интернет желісі арқылы көрсеткен қызметтерінің көлемі 8 361,2 млн теңгені құрады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, білім гранттарының саны бес жылда 40 пайыздан астам өсті.