Жаңа тәсіл әр отбасының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізуді көздейді. Негізгі мақсат — ауыл тұрғындарына жұмыс табуға, қажетті дағдыларды меңгеруге, өз ісін ашуға және табысын арттыруға көмектесу.
Пилоттық жоба Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады. Командалар құрамына жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бағыттарының мамандары кіреді. Олар ауыл отбасыларына қолжетімді қолдау шараларын пайдалануға көмектесіп, оқудан бастап грант алуға және өз ісін бастауға дейін сүйемелдейді.
Аудан деңгейінде жұмысты «Ауыл менеджері» үйлестіреді. Ол тұрғындарға жұмысқа орналасу, білім алу, гранттар мен жеңілдетілген кредиттер алу мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде «Ауыл менеджері» жұмысқа кірісті. Мұнда команда жасақталып, ауыл тұрғындарын қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.
Қолдау құралдарының бірі — жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беруді көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Беларусь 2027 жылы электрондық рұқсаттарды қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырады.