Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
07:30, 03 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 3 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін ақпанның алғашқы күндері ауа райы қандай болатыны туралы жаздық.