Еліміздің 8 өңірімен шектесетін Қарағанды облысының статистикалық деректері
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған еді. Президент сапар аясында өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорнын аралап, әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныспақ. Осыған орай еліміздің индустриалды аймағы – Қарғанды облысына қатысты мәліметтерді оқырман назарына ұсынамыз.
Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қарағанды облысы Солтүстік Мұзды, Үнді, Атлантика және Тұынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта қоныстанған. Облыс Қазақ кіші шыңдарының ең жоғары бөлігі – Сарыарқаны алып жатыр. Өңір солтүстігінде Ақмола, солтүстік-шығысында Павлодар, шығысында Абай, оңтүстік-шығысында Жетісу, оңтүстігінде Алматы, оңтүстік-батысында Жамбыл, батысында Ұлытау, солтүстік-батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс орталығы — Қарағанды қаласы. 23 млн 904-6 млн гектар аумақты алып жатқан өңірде 8, оның ішінде облыстық маңызы бар 6 және аудандық маңызы бар 2 қала, 8 кент 349 ауылдық елді мекен орналасқан.
Өңір экономикасы
2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1690879,8 млн теңгені құрады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 7 пайызға өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі - 47,3, қызметтер көрсету 46,1 пайыз болды. Тұтыну баға индексі 2024 жылдың шілдеде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3 пайызға құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы - 3,2, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 4,9, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 8 пайыз қымбаттады.
2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы шілдеде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 4,4 пайызға көтерілді. Қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі 786075,9 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға көп. 2024 жылғы қаңтар-шілдедегі көтерме сауда көлемі 1386418,8 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артық.
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1393,5 млн АҚШ долларына жетіп, 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,3 пайызға қысқарды. Оның ішінде экспорт – 819,1 млн АҚШ доллары, импорт– 574,4 млн АҚШ доллары болды.
Халық саны
2024 жылғы 1 шілдеде облыс халқының саны 1 134,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 927,5 мың адам (81,7%), ауылдықтар – 207,3 мың адам (18,3%). Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда 2 399 адам (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2951 адам) болды. Аталған кезеңде туылғандар саны 7 733 адам болса (2023 жылғы қаңтар- маусымға сәйкес 5,7% азайды), қайтыс болғандар саны 5 334 адамға (2023 жылғы қаңтар- маусымға сәйкес 1,7% өсті) жетті. Өңірде теріс көші-қон айырмасы қалыптасып отыр. Есепті кезеңде облыстан 2 974 адам көшіп кетті. Оның ішінде 2 912 адам еліміздің басқа өңірлеріне қоныс аударса, 162 адам шетелді таңдаған.
Жұмыссыздық, халық табысы
Осы жылдың II тоқсанда өңірдегі жұмыссыз жүрген адамдар саны 23,5 болды. мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,1 пайызды құрайды. Биыл 1 шілдеде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 10 997 адам болды немесе жұмыс күшінің санына 2 пайыз болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 379 463 теңге мөлшерінде тіркеліп, өсім 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 10,6 пайыз болды. 2024 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 101,7 пайыз деңгейінде тіркелді. Осы жылдың I тоқсанында облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 212 647 теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың I тоқсанына қарағанда 14,6 пайызға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 3,1 пайыз болды.
Өңірдің салалық деректері
2024 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2 155 852,9 млн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 11,1 пайызға көп.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі - 13,1, өңдеу өнеркәсібінде – 11, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 6,5, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 5,3 пайыз өсті.
Осы жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 135 544,6 млн теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады.
Қаңтар-шілдеде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 22 101 млн тонна шақырымға жетті. Жолаушы айналымы 1594,9 млн жолаушы шақырымды құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 95 пайыз болды.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 252 291,6 млн теңгеге немесе 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 133,1 пайызға жетті. Осы жылыдң 7 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 21,6 пайызға өсіп, 317,3 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішіндегі көппәтерлі тұрғын үйлер – 35,4 пайыз (276,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 16,3 пайызға (39,5 мың шаршы метр) азайды.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 488 818,6 млн теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 28 969 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,1 пайыза кеміді. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар заңды тұлғалар саны - 28 430 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 22 573 бірлік. Ал, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 22 048 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 25 077 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайызға азайды.