Еліміздің аумағына қандай қымбат алкоголь мен сигара өнімдері жеткізілді

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың 10 айында еліміздің аумағына қандай қымбат алкоголь және сигара өнімдері жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: freepik.com

«2023 жылдың 10 айында Қазақстан аумағына үшінші елдерден (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 127 278 долларға COHIBA сигаралары, 4 693 203 долларға MACALLAN вискиі, 1 092 600 долларға сыйлық қораптағы COGNAC REMY MARTIN LOUIS XIII коньяғы әкелінді», - деп атап өтеді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, өткен жылдың 10 айында елімізге үшінші елдерден (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 32 741 долларға COHIBA сигаралары, 2 736 230 долларға MACALLAN вискиі, 1 031 723 долларға сыйлық қораптағы COGNAC REMY MARTIN LOUIS XIII коньяғы жеткізілген болатын.