5 қарашада еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 5 қарашаға жасалған ел аумағындағы синоптикалық жағдайлар мен ауа райының қауіпті құбылыстарына арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

– Атлантикалық циклонның өтуімен және оған байланысты атмосфералық фронталдық бөлінулермен Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар түседі. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жауады. Тек Қазақстанның батысында антициклонның қыратты әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша жел күшейіп, боран соғып, тұман түседі және көктайғақ болжанып отыр, - деп хабарлайды синоптиктер.

Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында,  солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

Жамбыл облысының солтүстігінде өрттің төтенше қауіпі күтіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда алғашқы қар жауып жатыр.