Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында жел күшейіп, бұрқасындатады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.
Түнде Алматы облысының шығысында, күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, одан да күшті болуы мүмкін.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бәйшешек гүлдеді.