Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады – Қазгидромет
08:29, 03 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды учаскелерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыста бұрқасын, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сонымен қатар еліміздің көп бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялаған болатын. Онда екі қалада ауа сапасы нашарлайтыны хабарланды.