Еліміздің батыс аймақтарында аптап ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 11 маусым, cейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pixabay.com

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.  11-12 маусым күндері жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарында күтілсе, 13 маусым күні Қазақстанның орталық бөліктерінде жаңбыр жауады. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде термометр бағаны 20 25 °С көрсетсе, шығыс пен орталық аймақтарды ауа температурасы 22 32°С-ден  18 26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік аймақатарында аптап ыстық 33 40°С-ден 25 35°С дейін төмендесе, батыс өңірінде термометр бағаны керісінше 33 40°С дейін жоғарылайды деп болжанған.