Еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынды болады

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

Фото: Казгидромет

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз, ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Астанада - күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Ауа температурасы: түнде 16… 18 °C, күндіз 29… 31 °C.

Алматыда - күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 27… 29 °C, күндіз 40… 42 °C.

Шымкентте - күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 27… 29 °C, күндіз 40… 42 °C.