ҚазАвтоЖол компаниясы ел жүргізушілерінен аса қажет болмаған жағдайда ұзақ сапарға шықпаулды сұрады, деп хабарлайды Kazinform.
"25 желтоқсан күнгі сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ, тұман, шектеулі көрініс) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді", - деп жазды ведомстводан.
Соңғы ақпаратпен мына сілтеме бойынша жан-жақты танысуға болады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.