Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

23 ақпанда Қостанай, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Абай облысында қарлы боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-18 м/с, қатты аяз 42 градусқа жетеді.

Семей, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа райы қолайсыздығының екінші дәрежелі ескертуі күшінде.