Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, солтүстігінде бұршақ, батысында дауыл күтіледі. Тек еліміздің шығысында, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.
Түркістан облысында күн қатты ысып, ауа температурасы 41 градусқа жетеді. Жамбыл облысында — 38 градус, Алматы облысында — 35 градус, солтүстікте, облыстың орталығында — 38 градус, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Павлодар облысында 35-37 градус, Абай облысының оңтүстігінде 36 градус болады деп болжанған.
Бұған дейін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы төмендейтінін жаздық.