Еліміздің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

АСТАНА.KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде күн райына байланысты ескерту жасады. Елдің 17 облысында 13 маусым күні күн райының күрт құбылады. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, қатты ыстық және жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Фото: pixabay

Астанада 13 маусымда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда және Іле Алатауының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с болады.

Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батыс, солтүстік және шығыста екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде батыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік, оңтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыста тұман болуы мүмкін. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында оңтүстік пен таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оңтүстік, шығыс және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін, солтүстікте 38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады, батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысында күндіз батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Жел батыс және оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін сақталады. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықта төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында түнде солтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз батыс, оңтүстік және шығыста жаңбыр мен найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 15–18 м/с. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін, оңтүстікте 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таулы жерлерде екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, батыста төтенше деңгейге жетеді. Сонымен қатар 14–21 маусым аралығында өңірде күндіз 35–40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 17 маусымнан бастап оңтүстікте температура 40–43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз таулы аймақтарда аздаған жаңбыр күтіледі. Батыс, оңтүстік және таулы жерлерде найзағай болуы мүмкін. Алакөл маңында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, батыста жоғары, солтүстік пен шығыста төтенше деңгей күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Батыс және оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады, шеткі батыста төтенше деңгей күтіледі.

Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, батыс, солтүстік және орталықта төтенше деңгей күтіледі.

Қостанай облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз батыс, солтүстік және шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстікте жоғары деңгей күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстік, солтүстік және орталықта жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, орталықта жоғары деңгей күтіледі.

Маңғыстау облысында батыс, солтүстік-шығыс және орталықта жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с. Батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында түнде батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен шквал болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батыс, оңтүстік және шығыста төтенше деңгей күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз батыс және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Түнде және таңертең батыста тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батыс және солтүстікте екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік, батыс және оңтүстікте төтенше деңгей күтіледі.

Ұлытау облысында түнде батыс, солтүстік және шығыста аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр, найзағай және бұршақ болады. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, шығыс пен оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін «Қазгидромет» РМК 11-13 маусым аралығында елімізде күн қатты ыситынын хабарлаған болатын.