Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.
Астанада 20 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жеті.
20 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Көкшетауда 20 тамызда найзағай ойнайды.
20 тамызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазганда 20 тамыз күні күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда 20 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 тамызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Петропавлда 20 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.
20 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодарда 20 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Қостанайда 20 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
20 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтауда 20 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
21-22 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 20-22 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 20-22 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
20 тамызда күндіз Атырау облысы бойынша 35 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырауда 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
19-21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Түркістанда 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.