Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады: ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Таулы аймақтарда қалың қар мен жаңбыр жауып, бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Фото: Қазгидромет

Жетісу облысы

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысы

Түнде облыстың таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкент пен Түркістан қалаларында кей уақытта тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде облыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысы

Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында, негізінен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел түнде оңтүстігінде 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылордада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман түседі.

Ақтөбеде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Павлодарда да тұман болады.

Ақмола облысы

Облыста көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі.