Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: Тuranasia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 17 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктер бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Бұған дейін ауылдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесі жетілдірілетіні туралы жаздық.