Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы жанданды

Фото: Фото: Есенжол Исабек

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі екі өңірде жолдар ашылып, көлік қозғалысы ашылғанын мәлімдеді.

2024 жылғы 20 қарашада сағат 20:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:

Ұлытау облысы — «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырымы аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).

Қызылорда облысы — «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырымы аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін). 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемен тұрғындары ауа сапасының күрт нашарлағанына шағымданды.