Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері есірткі сату күдігімен ұсталғаны және Ұлытау облысында прокурор пара алу күдігімен қамауға алынғаны жайлы ақпарат тарады.
- Қызылорда облысында есірткі сату күдігіне ілінген тұлға ұсталған сәтте құқық қорғау органдарының қызметкері болмаған, - деп түсіндірді Бас прокуратурадан.
Одан бөлек, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Бас прокуратурасы Ішкі қауіпсіздік департаментінің бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде Ұлытау облысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Айта кетсек, Бас прокуратураның сәуірдегі мәліметіне сәйкес, елімізде есірткіге тәуелді 18 мың адам есепте тұр, оның 66%-ы кәмелетке толмаған.