Еліміздің екі өңірінде республикалық жолдар жабылды

ҚазАвтоЖол 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп жазды Kazinform.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жетісу облысында – 1 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84 – 184 км. Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – 1 учаске:
1. «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы» 0-16 км. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км

"Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.