Еліміздің қай өңірінде ерлер көп — ресми статистика жарияланды

АСТАНА. KAZINFROM — Қазақстанда 10 044 673 ер азамат бар. Олардың барлығы ертең Отан қорғаушылар күніне орай құттықтаулар қабылдайды, деп хабарлай Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Мереке қарсаңында ерлердің жас құрылымы мен өңірлер бойынша таралуы белгілі болды. Еңбекке қабілетті жастағы (16–60 жас) ерлер жалпы үлестің 56,5%-ын құрайды. Балалар (0–15 жас) — 30,2%, ал 61 жастан жоғары азаматтар — 13,3%.

Өңірлер бойынша ерлер ең көп шоғырланған аймақтар қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр — әрқайсында шамамен 1,1 млн ер адам бар. Одан кейін Алматы облысы (806,5 мың) және Астана қаласы (785,4 мың) орналасқан.

Ер азаматтардың орташа жасы — 31,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 72,19 жыл.

Еңбек нарығындағы үлесі

2025 жылғы деректерге сәйкес, жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі 51,6%-ды немесе 4,8 млн адамды құрайды.

  • Жалдамалы жұмысшылар арасында — 50,6%
  • Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында — 55,1%
  • Жеке кәсіпкерлер арасында — 54,7%

Салалар бойынша ерлер көбіне өнеркәсіпте (16,5%), көтерме және бөлшек саудада (14%), ауыл шаруашылығында (12,4%), сондай-ақ көлік және қойма саласында (11,1%) жұмыс істейді.

Ең белсенді еңбек жас тобы — 35–44 жас аралығындағы ерлер, бұл санатта 1,4 млн адам бар.

Танымал есімдер

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ер балаларға ең көп қойылған есім — Алан (817 жағдай). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі тіркелген.

Осыған дейін қазақтар халық санын қалай есептегенін жаздық.