«Осы күнге қабылданған шаралардың нәтижесінде (2018-2022 жылдары) кәсіпорындарда зардап шеккендердің үлесі 6,5%-ға, ал өлім 8,4%-ға азайды. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 1119 жұмысшы зардап шеккен. Көрсеткіш өткен жылмен бірдей деуге болады», - деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еңбек министрлігі өкілі келтірген мәліметке сәйкес жұмыс орындарында қайтыс болу 12% артқан (175 адам).
«Кәсіпорындарда болатын төтенше жағдай көбіне Қарағанды облысы, ШҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Абай облысы сонымен қатар Алматы қаласына тиесілі. Жұмыс орнында зардап шегетіндердің аздаған бөлігі тау-кен металлургиясы мен құрылысқа саласына тиісті», - дейді спикер.
Бұған дейін жыл басынан бері 15 кәсіпорын жұмысшылары ереуілге шығып, жұмысты тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.