Еліміздің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақау жоқ — Цифрлық даму министрлігі
14:46, 19 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елдерде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарында ақаулық байқалып отыр. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.
Назар аударып, сабыр сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.