Еліміздің мектептерінде 1051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM – Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1 051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Фото: Маңғыстау облысы Білім басқармасы

Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі. 

Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 218 ППТК және 105 ПМПК ашылған. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жалғасатынын жазған едік.