Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның батысы мен шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді деп күтілуде.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз 3... 5°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5... 7°C, күндіз 13... 15°C.

Шымкентте көшпелі бұлт болып, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6... 8°C, күндіз 18... 20°C.