Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Көлік министрлігіне қарасты Автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және «Қажсервис» ЖШС Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан, сондай-ақ Жетісу облыстары бойынша филиалдары басшыларының қатысты.
Жол мамандары жауын-шашынның көп түсуіне және ауа температурасының жоғарылауына байланысты болуы ықтимал су тасқынының алдын алу бойынша шараларды талқылады.
Өңірлерден келген өкілдер жолдардағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сөз кезегінде Ғ.Өтенбаев су тасқыны қаупі бар учаскелерде көпірлерге, мал айдындарына, құбырларға және жасанды құрылыстарға мониторинг жүргізуді, сонымен бірге су айдындарындағы судың деңгейін тексеруді тапсырды.
Метеорологтардың болжамы бойынша, Түркістан облысында 25 желтоқсаннан кейін температура 11 градусқа дейін, Таразда 13℃ дейін, Қызылорда облысында 11℃ градусқа дейін, Шымкентте 14℃ дейін, Алматыда 11℃ дейін көтеріледі деп күтілуде. Күн 1 қаңтарға дейін жылы болуы мүмкін.