— Бурабай ұлттық паркінде 2 өрт тіркеліп, «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, орманшылар мен «Казавиаорманқорғау» әуе десантшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында оқшаулау жұмысы жеделдетілді, — делінген хабарламада.
«Семей орманы» резерватында найзағай әсерінен орын алған аз аумақты қамтитын өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.
— Өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігің қатаң сақтауға шақырамыз, — деп ескертті министрліктен.
Бұған дейін Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелгенін жазған едік.