Еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі 56 пайызға қысқарды
16:21, 28 Қараша 2023
Еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі 56 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Kazinform.
«Қазіргі сәтте еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі 56 пайызға төмендеді. Энергетика министрлігінде қандай кезеңде жағдайдың тұрақталатындығына қатысты мәлімет жоқ. Таяу келешекте мұнай өндіру көлемінің төмендеуі мен түзетілуі ағымдағы деңгейде қалады», - деді Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов.
Сонымен қатар оның дерегінше, ауа райына және Каспий құбыр желісіндегі қабылдау көлемінің шектелуіне байланысты Теңіз кен орнында мұнайдың тәуліктік өндіру мөлшері 39 мың тоннаға дейін төмендетілген.