«Қазіргі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандыру мәселесін ресейлік серіктестермен пысықтап жатырмыз. «Газпром» компаниясы бүгінде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде. Меніңше, жылдың соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысын қалай газдандыратындығымызға қатысты мәселе айқындалатын болады», - деді вице-министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Оның атап өтуінше, газ бағасы қанша болатындығы әзірше белгісіз.
«Әзірше шешім жоқ. «Газпромнан» ресми деректерді алғаннан кейін қосымша хабарлаймыз», - деді Әлібек Жамауов.