Еліміздің тағы екі облысында жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — 15 ақпан сағат 01.00-де ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Алматы облысы: 

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 59–143 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылы — Жамбыл облысының шекарасы);

- «Қонаев — Күрті» автожолының 0–67 шақырым аралығы (Қонаев қаласы — Күрті ауылы);

- «Алматы — Шелек — Қорғас» автожолының 25–243 шақырым аралығы (Арман ақы алу пункті — Тасқарасу ауылына бұрылыс);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 25–118 шақырым аралығы (Алматы ақы алу пункті — Шеңгелді ауылы);

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 955–1014 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы — Ақсай ауылы). 

Жамбыл облысы: 

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 143-–214 шақырым аралығы (Алматы облысының шекарасы — Қордай ауылы);

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 893–955 шақырым аралығы (Бурылбайтал ауылы — Алматы облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 15 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының жолдарына көлік қозғалысына шектеу қойылатынын жаздық.

Ал Үшарал-Достық жолында 5 көліктің соқтығысуына қатысты «ҚазАвтоЖол» ҰК жүргізушілерге үндеу жасады.