Еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

Нидерландтың Херенвен қаласында шайбалы хоккейден IIA дивизионында жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: icehockey.kz

Ойын 15 және 21 қаңтар аралығында өткізіледі. Онда қазақстандық жасөспірім қыздармен Ұлыбритании, Түркия, Латвия, Қытай мен Нидерланд құрамалары бақ сынайды.

https://icehockey.kz/ru/news/raspisanie-matchey-zhenskoy-yuniorskoy-sbornoy-na-chempionate-mira/

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі:

15 қаңтар, 21:30. Қазақстан – Ұлыбритания

16 қаңтар, 18:00. Түркия – Қазақстан

18 қаңтар, 21:30. Латвия – Қазақстан

21 қаңтар, 1:00. Қазақстан – Қытай

21 қаңтар, 21:30. Нидерланд – Қазақстан.

Бас бапкер Мария Федоренко аталған ойындарға қатысатын кеңейтілген құрамды жариялады.

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы;

Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Зере Тилеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана);

Шабуылшы: Карина Әмірова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы - «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация, Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Аиша Мелс («Томирис», Астана).

Еске салсақ, бұдан бұрын жасөспірімдердің Қысқы Олимпиадасында Қазақстан хоккей құрамасы кімдермен ойнайтыны белгілі болды.