«Шет мемлекеттерден қайтарылған заңсыз активтер ірі кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, қонақүйлер, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, бизнес орталықтары, элиталық жер телімдері, базарлар, теміржолдар, қымбат зергерлік бұйымдар мемлекеттің иелігіне өткізілді»,- делінген Kazinform агенттігінің ҚР Бас прокуратурасына жолдаған сауал жауабында.
Шетелдегі активтерді қайтару комитеті аталған жұмысты бірқатар шетелмен жасасқан халықаралық шарттар шеңберінде жүзеге асыруда.
«Заңға сәйкес қайтарылған активтер бүкіл ел бойынша әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталады. Ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы мәліметтер жұртшылыққа тұрақты жеткізіледі. Осылайша, шетелден активтерді қайтару халыққа пайдасын тигізеді, деп сенеміз»- дейді ведомстводан.
Бұған дейін шетелдегі активтердің 589 млн АҚШ доллары қайтарылғанын хабарлаған едік.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.