— Жүргізушілер негізінен ақылы жолдардың төлемі, бұзылған көліктерді сүйреуге көмек көрсету және басқа да маңызды мәселелер бойынша хабарласқан. Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен 776 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 10 860 қоңырауға жауап берді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 169 өтінім қабылданды. Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы жол учаскесі енгізілуі мүмкін екенін жаздық.