Іс-шара аясында Иран Ислам Республикасы мен Иорданияның әнұрандары ойналып, мемлекеттік тулары салтанатты түрде көкке көтерілді. Осыдан кейін мәдени шараға қатысқан Иран және Иордания құрамаларына қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің атынан естелік кәдесый табыс етілді.
«Бұл кез келген Олимпиада және Азиада ойындарының міндетті атрибутикасы. Әрбір команда осы жолмен жүріп өтуі керек. Осы арқылы біз өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетеміз», - дейді 7-Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Серік Құлмырзаев.