Елорда әкімдігі кадр даярлауға арналған білім беру тапсырысы бойынша конкурс жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі2019 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардыдаярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсжариялайды.

Конкурсқа қатысуүшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жоғары оқу орындарына келесіқұжаттарды тапсыру қажет.

Құжаттар қатарында ЖОО-ныңөтінімі, ЖОО сауалнамасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі баркадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруғаұсыныстар, жоғары оқу орнының ақпараттық картасы болуы тиіс.

Комиссия мерзім аяқталғаннанкейін келіп түскен өтінімді қарамайды.

Конкурсқа қатысуүшін құжаттарды 22-26 шілде аралығында қоса алғандағы мерзімде Бейбітшіліккөшесіндегі 11 ғимаратта орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына тапсыруқажет.


Соңғы жаңалықтар