Елорда әкімдігі қаладағы иесіз саябақтарды жаңғырту жұмыстарын қолға алмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралады, деп хабарлайды елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, парк аумағы 113гектар. Саябақта велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар бар. Алайда,саябақтың қазіргі жағдайы нашар. Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді.Саябақтың ағаштары болса күтілмей, кеуіп кеткен. Аталмыш саябақта тәртіпсақталуын тек бір ғана адам қадағалайды.

«Саябақтың ішінде камералар орнату мәселесін қарауқажет. Саябақты абаттандырып, ішін ретке келтіру керек. Тұрғындарымыздыңденсаулығы үшін пайдалы орын. Себебі жүгіретін және велосипеджолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін «Алматы» ауданы әкімдігі қолға алатынболады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек», - дедіА.Көлгінов.

Астанада иесіз қалған 10 саябақ пен гүлзар бар.Әкімдік аумақты абаттандырып, қарауына алу бойынша жұмыстар жүргізуде.​