Елорда әкімдігі мектеп формасы мен кеңсе тауарларына сертификат беруді бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 тамыздан бастапәлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп керек-жарақтарынсатып алу үшін арнайы сертификаттар беру басталды. Қазіргі уақытта 8 мың сертификаттапсырылды. 78 бала сертификат бойынша киім сатып алды. Сонымен қатар 81мектептің әлеуметтік педагогтарына сертификаттар берілді. Әлеуметтік педагогтарата-аналарға 2300 сертификат табыстады», - делінген қала әкімдігініңмәліметінде.

Сертификаттар келесідейсанаттағы отбасылар үшін қарастырылған: жан басына шаққандағы орташатабысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болса және АӘК алмаса, жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төтенше жағдайлардың салдарынаншұғыл көмекті талап ететін отбасылардың балалары; білім беру ұйымының алқалыбасқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар.

Мектеп формасы мен оқу құралдарынан басқа оқушыларғамынадай көмек көрсетіледі: ыстық тамақ, жазғы сауықтыру лагеріне жолдама,мәдени және спорттық шараларға қатысу мүмкіндігі.

Соңғы жаңалықтар