«Өзара ынтымақтастық мәселесін Әсет Исекешев пен ЖОО президенті Шигео Катсу талқылады. Нақтырақ айтқанда, тараптар, медициналық кластерді дамытып, ұстаздар мен ғалым-мамандарды тарта отырып, арнайы мамандық иелерін дайындау, смарт-сити мен өзге де маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісті»,-делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда.
22:56, 20 Қазан 2016
Елорда әкімдігі мен Назарбаев университеті Астананы бірлесіп дамытпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі мен Назарбаев университеті Астананы дамыту бойынша бірлескен бағдарламаларды дайындайтын жұмыс тобын құрмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.