Осыған орай бүгін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында әкімдіктің еншілес компаниясы «Astana Innovation» АҚ-ның басқарушы директоры Өміржан Ысқақовтың атап өтуінше, бизнес-инкубациялауға өтінімдер қабылдау және қарау ағымдағы жылы тұрақты түрде жүргізілетін болады. Түскен өтінімдерді құрамына ғылым, бизнес, мемлекеттік органдардың өкілдері кірген сараптамалық кеңес қарайтын болады.
«Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы туралы айтқанда біз жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын салаларды табуымыз қажет. Осы мақсатта аталған бағдарлама қабылданып отыр», - деді ол.
Айтп кетейік, технологиялық бизнес-инкубациялау - бұл кіші инновациялық кәсіпорындарды және инновацияларды, жаңа фирмаларды «өсіру», олардың дамудың ерте сатысындағы қызметінің нығаюына көмек көрсету үдерісі. Оның қызметіне бизнес-жоспарларды әзірлеу, жобалық құжаттаманы ұйымдастыру, инвестицияларды тарту, патент алуға көмектесу, лицензиялау сынды мәселелер кіреді.