Елорданың ресми сайтының жазуынша, аталған көмектерді көпбалалы отбасылар, жетімдер мен жесірлер, сондай-ақ Ұлы Отан және Ауған соғыстарының ардагерлері алады.
26 қарашада «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында осы акцияны өткізу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Баспасөз мәслихатына Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Төлегенова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Әлімжанов қатысады деп күтілуде.