Елорда әкімдігінде азаматтарды қабылдайтын кабинет ашылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірінші қабатында азаматтарды қабылдау бөлмесі ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы әкім орынбасары Бақтияр Мәкен Іnstagram парақшасында жазды.

«Әкімге және орынбасарларына жазылғаназаматтардың саны өте көп. Енді әріптестерімізбен кестеге сәйкес жазылғаназаматтарды кезегімен қабылдаймыз. Бүгін 19 шілдеде менің қабылдауымда 30-ға жуықазамат болды», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарыБақтияр Мәкен.

Азаматтардың көпшілігін әлеуметтік мәселелер толғандыратынын атап өткен оладамдар құқықтық, психологиялық, тағы да басқа кеңестерге де зәру екенінжеткізді.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарынаналуға тиіс кейбір анықтамаларды әкімдіктен тез шешіп беруді сұрағандар даболды. Тиісті басқармаларға тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болуды, халыққамемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым», - дедіол.

Соңғы жаңалықтар