Оның жұмысына елорда әкімі Әсет Исекешев, Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, қалалық мәслихаттың депутаттары, Астана қаласының активі, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала әкімшілігі басқармаларының басшылары қатысты.
«Бұл Жолдау өзгелерден ерекше, қала әкімдігі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес жолдауды жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Мемлекет басшысы алдымызға күрделі міндеттер қойып отыр. Соңғы жылдары әлемдегі экономикалық ахуал қиындай түскенін білесіздер, біз әлемдік саудаға белсенді түрде араласып отырғандықтан, оның біздің экономикаға да әсері бар. Бірақ Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында біз осы қиын экономикалық жағдайдың бастапқы кезеңін абыроймен өткердік», - деп атап көрсетті Әсет Исекешев шараға қатысушыларға арнаған сөзінде.
Астана әкімі Жолдаудың басты басымдықтарына тоқталды, олардың Астана қаласын дамыту бағдарламасына да қатысы бар: барлық жерде экономиканы орталықтандыру, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа салаларды, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Астананың статусы бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуға міндеттейді, деді әкім.
Қала басшысы экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыруына баса назар аударды. Елордада жаңа индустрияны дамыту бойынша міндеттерді іске асыру қажет, ол - онлайн сауда, ұялы банкинг, денсаулық сақтау және білім салаларындағы сандық технологиялар, осылардың барлығы дамыған елдерде қарқынды пайдаланылуды және экономика мен жұмыспен қамтудың құрылымын өзгертуде.
Сонымен қатар, елорданың алдыңғы қатарлы ЖОО-ларының базасында ғылыми-инновациялық әлеуетті кеңейтіп, өнеркәсіп, көлік, логистика, құрылыс және Астана экономикасының негізін құрайтын басқа да секторлардағы еңбек өнімділігін арттырған маңызды.
Отырыс барысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың, мәслихат депутаттарының және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Отырысқа қатысушылар әкімнің Жолдау жүктейтін міндеттерді іске асыру бойынша бастамалары мен ұсыныстарына қолдау білдірді. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың басшыларына халықпен кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауы мен маңызды сұрақтарға 45 жауап жазылған материалдар таратылды, деп хабарлайды astana.kz.